2024 жылғы 19 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Мырзакент кенті, Ж.Нұрлыбаев а/о, Достық а/о, Жаңажол а/о, Иіржар а/о және Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты учаскелік референдум комиссияларының хатшыларының қатысуымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту — семинары өткізілді.
Семинарға 26 комиссия хатшылары қатысты.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова референдум науқанында атқарылатын жұмыстар бойынша, атап айтқанда: байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу, қоғамдық бірлестік өкілдерімен, мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен және цифрлық құжаттармен жұмыс жасау, дауыс берушілерге бюллетендерді беру, үйден дауыс берушілермен жұмыс жүргізу, дауыстарды санау, есептен шығару куәлігін беру, дауыс берушілерді тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисінің жұмысы жөнінде түсіндірді.
Оқыту семинарында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Ш.Сатыбалдиев Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мен республикалық референдум қарсаңындағы үгіттің негізгі аспектілері туралы түсіндірді.
Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға алғысын білдіріп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мақтаарал ауданының қариялары Мақтаарал ауылдық округінің әкімі мен жергілікті жерден сайланған мәслихат депутатына өкпе-реніштері мол — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Мырзашөл өңіріндегі Мақтаарал ауылдық округі тұрғындарымен өткен аудан әкімі Бақыт Асановтың есептік […]
Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес […]
Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде орналасқан номері №89 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды. Бөлімдегі 665 мерзімді әскери қызметшілер еліміздегі АЭС болу бойынша өтіп жатқан референдумге қатысып өз таңдауларын жасады. Учаскеде дауыс беруге және сайлаушылардың еркін […]
Пікір қалдыру