Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында, жастар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарышалар таратты.
Мақсаты-жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
Кездесуде жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтті.
Мақта – елімізде негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өседі. Оның ішінде ел ауызында Мырзашөл атанған Мақтаарал ауданы диқандарының дені мақтаға маманданған. Сонау жылдары бұл ауданның байлығы мақтамен есептелетін. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен және тапсырмасымен […]
Биылғы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдегі энергетика саласындағы проблемаларды шешіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан еді. Оның сөзінше, энергиямен жабдықтау жүйесінің жұмысын жолға қою қажет. «Себебі біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында […]
Мақтаарал ауданының қариялары Мақтаарал ауылдық округінің әкімі мен жергілікті жерден сайланған мәслихат депутатына өкпе-реніштері мол — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Мырзашөл өңіріндегі Мақтаарал ауылдық округі тұрғындарымен өткен аудан әкімі Бақыт Асановтың есептік […]
Пікір қалдыру