Орталық референдум комиссиясының мәліметінше еліміз бойынша дауыс берушілердің қатысуы бойынша көшбасшы мен белсенділігі төмендер анықталып жатыр. Соның ішінде Шымкент бойынша дауыс беруге қатысушылар 64,38 пайыз болып тұр.
Таңертеңнен басталған дауыс беруге шымкенттіктер белсінді қатысуда. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, түрлі саланың мамандары, аға буын өкілдері, студент-жастар т.б бар.
Солардың ішінде елімізге танымал спортшылар да саяси науқанда өз таңдауларын жасауға қатысуда. Соның бірі Еркін күрестен ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Ермек Байдуашов та бар.
Талай рет байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған ер мінезді Ермек елдің қарқынды дамуына бірден-бір әсер ететін фактор елімізде АЭС салу екендігін құптайды. Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері еліміздің әрқашан дамыған елдердің қатарында болуын, еліміздің көк байрағының ең биік жерлерде желбіреп тұруы бойына қуат берітінін айтады.
Сол себептіде бүгінгі маңызды күні маңызды қадам жасауға түбегейлі ойланып келді.
Пікір қалдыру