Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 10-ға жуығына күрделі жөндеу жүргізілген болатын.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар ата Қарасу өзендеріне және Қосдиірмен, Шымкент, Жаңа шек су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған өзендер мен су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы 5 техника (3 экскаватор, 2 КамАЗ) жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген басқарма теңгеріміндегі су арналарынан күнделікті 50 куб (50 тоннаға жуық) қоқыс шығарылуда.
Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.
Қаратау ауданы Шымкент қаласының маңызды бөліктерінің бірі ретінде, өзінің тұрақты дамуымен және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жасалып жатқан ауқымды жобаларымен ерекшеленеді. 2024 жылға арналған жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес, ауданның инфрақұрылымын жаңғырту, қоғамдық қауіпсіздік пен жайлы […]
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындары осы міндетті терең сезініп, қала тазалығы үшін зор жауапкершілік танытып келеді. Таза әрі көркем қала […]
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы «Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы» ұйымдастырылған. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбегі адал […]
Пікір қалдыру