Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар-ата, Шымкент, Гүлдеурін-1 су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы 5 техника (3 экскаватор, 2 КамАЗ) жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген басқарма теңгеріміндегі 6 су арналарынан күнделікті 40 куб (40 тоннаға жуық) қоқыс шығарылуда.
«Тазалық – саулық кепілі» деген сөз ешқашан өзектілігін жоймақ емес. Әсіресе, қазіргідей адамзаттың тұтынушылық деңгейі артып, тұрмыстық қалдығы көбейіп тұрған заманда өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның, елді мекеннің тазалығын сақтауға әрбіріміз мүдделі болуымыз керек. Олай болса, Шымкент қаласының тазалығы әр тұрғынның ішкі мәдениетінің көрсеткіші, өркениеттілігіміздің өлшемі деуге болады.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты.
Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты […]
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қалалық филиалында этнос өкілдерімен кездесті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қала басшысына атқарылған жұмыс жөнінде қысқаша есеп беріп […]
Шымкент қаласында жаңа қоқыс тастау орындары салынып жәшіктер орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде қоқыс шығару жұмысына жаңарту енгізу туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы және Төменгі Отырар шағын ауданы мен Түркістан көшесінде қоқыс шығару қызметіне жаңартулар […]
Пікір қалдыру