Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің екі күнге жоспарланған кезекті көшпелі жұмыс отырысы қорытындыланды. Келесі жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтеді. IFLA-ның Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінің дайындық жұмыстары талқыланып, ұйымның отырысын Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, Түркістанда да өткізу жоспарланып отыр.
Жұмыс отырысының екінші күні кітапханалық бағыттағы пленарлық сессияларға арналған. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, «Қазақстандық кітапханалық одақ» төрайымы Бақытжамал Оспанова «Директорлардың диалог алаңы: өзекті мәселелерді талдау және тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық және аудандық кітапхана директорларымен кездесу өткізді. Сонымен қатар Ұлттық кітапхана мамандары «Анықтамалық-ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері және Web-RABIS-тің мүмкіндіктері», «ALTERNATIVE Кітапхана: жастардың бағыты мен қадамы», «Кітапхана көрсеткіштері есебінің жаңартылған талаптары» тақырыптарында лекция оқып, жиынға қатысушы кітапханашыларға жаңа ақпараттар мен жұмыстарына оң өзгеріс енгізуге көмегі болатын мәліметтер ұсынды.
Жиын барысында «Қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңының 24-бабында кітапхана ісі қарастырылған. Осындағы нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізу мәселесі ұсынылды. Онда кітапханалардың ақылы қызмет түрлері іске асыру құқы қарастырылмақ. Бұдан бөлек елімізде кітапханашылардың мәртебесін арттыру жоспарланып отыр. Бұған қоса мәдениет, білім, және ғылым жүйесі кітапханаларының қорларын жаңарту және толықтыру, Қазақстан Республикасындағы кітапханалық жүйесінің RFID интеграция шешімі, жаңа Қазақстан кітапханаларын заманауи дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кітапхана саласында маңызға ие өзге де мәселелер көтерілді.
«Фараб» кітапханасының «Түркістан облысының киелі тарихи және жаңа мәдени нысандарының жол картасы» анықтамалығының тұсауы кесілді. Алдағы уақытта айтылған мәселелер оң шешімін табады деп жоспарлануда. Көшпелі отырыс соңында қонақтар облыс орталығындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы Дала Елі» мұражайына экскурсия жасады. Сондай-ақ қонақтар Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрында драматург Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмалық спектаклін тамашалады.
Қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды. Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды. Қала […]
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында №10 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Табиғатты қорғау – өмірімізді қорғау» атты сурет салу сайысы өтті. Шараға кітапхананың белсенді жас оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін өз қолымен салған суреттері […]
Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды. Осы мақсатта, қала […]
Пікір қалдыру