Түркістандықтар қазан айында қос мерекені қатар атап өтеді. Елдігіміздің белгісі – «Республика күнімен» қатар, «Қала күні» мерекесін де атап өту дәстүрге айналған.
Осыған орай, «Түркістан көркі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлері шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Байқауда оқушылар қиялындағы көріністерді ақ қағазға түсірді. 71 оқушы қатысқан байқауда түрлі бағытта суреттер салынып, нәтижесінде Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Айнора Құрбанәлі мен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Мереке Айтбайдың жұмыстары жоғары бағаланып, бас жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздармен қатар барлық қатысушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарына ие болды.
Айта кетейік, мереке қарлаңында қалалықтар түрлі мерекелік шаралардыңғ куәсі болды. бүдан өзге сайстар мен арнайы кештер де мерекеге арқау болды. Ұжымдар арасында спорттық бәсекелер ұйымдастырылса, оқушылар арасында түрлі олимпиадалар мен өзгеде өнер байқаулары болды. Бұл жастарға салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, мәдениеттің дауына орасан зор үлесі бар.
Аталмыш суретшілер байқауымен қтар, жас ақындар сайысы да өтті.
Өткізілген мәдени шараға 40-тан астам үміткерлер қатысып, байқаудың финалдық кезеңінде 20 үміткер бақ сынады.
Нәтижесінде жүлделі 1орын №14 мектеп оқушысы Сіламхан Ақтілек пен №12 мектеп оқушысы Байтуған Айзереге бұйырды.
Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, облыс әкімі Дархан Сатыбалды қоныс тойын тойлайтын халықтың қуанышын бөлісуге арнайы келді. Ол өз сөзінде Тәуелсіздік күні мерекесімен барша жұртшылықты шын жүректен құттықтап, мемлекетіміздің іргетасының берік, […]
Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқа […]
Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, […]
Пікір қалдыру