ТҮРКІСТАНДА ПАРАКАНОЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІН САРАПҚА САЛҒАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогы жалауын көтерді. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Қалтаев пен Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы спортшыларды құттықтады.
Параканоэ спорты Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Қазақстан мен Өзбекстанның спортшылары 200 метр қашықтыққа жарысады. Бәсекеге еліміздің 5 өңірімен қатар көршілес Өзбекстаннан келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының атлеттері мәре сызығын бірінші кесіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.
Жарысты ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті, Түркістан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығы, облыстық су спорт түрлері мектебі жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне мұрындық болуда. Түркістан облысы Қазақстандағы параканоэ спортын дамытуда алғашқысы болып табылады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменовтың бастамасымен 2017 жылы алғаш рет спорт түрі ретінде параканоэ спорты Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қолға алынып, өз жұмысын бастады.
Түркістандық параканоэшылар еліміздің ұлттық құрамасының негізгі құрамын құрайды. Өңіріміздің параатлеттері 8 жыл ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ: Жалғас Тайкено, Бибарыс Спатай, Жаныл Балтабаева сынды дарынды саңлақтары Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғады.
Айта кетейік, Түркістан қаласында спорт кешендері бар есу каналы обьектісінің құрылысы 3-кезеңге жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 1-кезеңі аяқталып, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілген.
Бүгінде параканоэ спорты Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық Комитетінің спорт түрлерінің тізіміне еңгізілген және Астана, Шымкент, Теміртау, Қарағанды, Түркістан облыстарында дамытылады.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығы Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу каналының құрылысы аяқталғаннан кейін Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан SUP серфинг спорт бөлімін ашып, спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындауды жоспарлауда.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығының бастамасымен, Халықаралық байдарка және каноэ федерациясының (ICF) қолдауымен Сесилия Фариас жарыс барысында континенттік төрешілер үшін теориялық және практикалық семинар өткізеді. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға ұлттық және халықаралық спорттық төреші санаты беріледі.
Төрешілер семинарына Қазақстан, Монғолия және Үндістанның өкілдері қатысады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*