Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Рухани кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол діни конфессия жетекшілерімен танысып, дін саласы бойынша пікір алмасты. Ел бірлігі мен дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.
– Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдан астам мерзімде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі еліміздің бастамасымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында тұрақты өтіп жүр. Түркістан облысында да түрлі конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Кезінде Орта Азияның діни әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласы елді бірлікке шақыратын миссиясын жалғастыра береді, – деді Е.Кенжебекұлы.
Қабылдау соңында діни конфессия жетекшілеріне мерекеге орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу.
Бүгін Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің журналистика […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша жиын өтті. Бұл маңызды шарада құрылыс саласындағы ағымдағы жағдайлар талқыланып, болашақта орын алатын жұмыстардың жоспары анықталды. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жедел саты […]
2024 жылдың 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында ауыл спортын дамытуға арналған «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өтеді. Бұл жоба «HALYK» қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары мен жасөспірімдерін қолдау мақсатында […]
Пікір қалдыру