Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.
Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
Шымкент қалалық Әділет департаментінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырған семинар өтті. Семинар видеоконференциялық, яғни онлайн форматта өткізілді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде сөйлеген сөзінде энергетика, су тапшылығы және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін Түркі әлемі үшін стратегиялық басымдық ретінде атап өтті. Қазақстан Президенті қазіргі әлемде орын алып жатқан геосаяси өзгерістер мен климаттық […]
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз […]
Пікір қалдыру