27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасып, қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.
Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.
Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуын сұраймыз.
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеретін көрсеткіш. Сондықтан еліміз спортты дамытуға айрықшы көңіл бөлуде. Мәселен, он тоғыз жылдан бері елімізде спорт күні белгіленіп атап өтілуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әр […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Түркістанда туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
Пікір қалдыру