ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА 4000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы өткізіліп тұратын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын жариялаған болатын. Президент атап өткендей, Қазақстан әрқашан таза әрі көз сүйсіндіретін ел болуы керек және бұл өмір салтына айналуға тиіс.

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бірігіп, биылғы жылдың ең ірі сенбіліктерінің бірін өткізді. 4000-нан астам қала тұрғындары қолдау білдірді.

Тазалық акциясына келгендер көше бйындағы күл-қоқыстардантазалап, арық-атыздардағы көптентұрып қалған қалдықтарды алып, арам шөптерді тырмалап шықты.

Шымкент — біздің ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қо­қыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені ортақ үйіміздің көр­кеюі өз ауламызды таза ұстаудан бас­та­латыны белгілі. Осыны жастарға са­бақ ету мақсатында мен де тазалық жұмыстарына таң атысымен шықтым. Сенбілікке шыққан жастарды көріп риза болдым, осы тазалық шарасы арқылы тұрғындар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетіп отыр. Міне, мен көлеңкелеп отырған ағаш, бүгін маған сая болып тұр, сондықтан ауданымызды жасыл-желекке айналдыру біздің қолымызда, тек ниет керек. Ең бастысы, тазалық денсаулықтың кепілі екенін естен шы­ғармағанымыз жөн, – дейді қала тұрғыны.

Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді.

Міне, осындай креативті жобалар қала көркін айшықтаумен қатар, тұрғындарға керемет көңіл-күй сый­лары анық. Қала әкімшілігінің қыз­меткерлері осындай ерекше жо­­­балар алдағы уақытта да жал­ғасын табатынын, егер тұрғындар тара­пы­нан шаһар көркіне сән беретін идея­лар болса, қарауға дайын екенін жеткізді.
Иә, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыз­дылығын айтып жүргені белгілі. Сон­дықтан сенбіліктің қоғам­ның на­за­рын аудан көше­ле­рінің та­за­лығын сақтауға ауда­рып, эко­ло­гиялық мәде­ниетті қалыптас­тыру­да маңызы зор.

Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*