Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті. Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Іс-шара барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалды.
Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысының машина жасау саласындағы қарқынды дамуын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. Бұл келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Өзбекстан өңірлерінен облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.
Аталған келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға жол ашып, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды. Атап айтар болсақ, Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты […]
Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде орналасқан номері №30 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды. Бөлімдегі 191 мерзімді әскери қызметші референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде әскерилердің еркін таңдау жасауы үшін тиісті мүмкіндіктер жасалған. Естеріңізге сала кетейік, […]
Шымкент – Қазақстанның ең ірі және тез дамып келе жатқан қалаларының бірі. Жыл сайынғы халық санының өсуі, қала инфрақұрылымының кеңеюі мен өндірістік әлеуеттің артуы Шымкенттің экологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етуде. Қазіргі таңда экология – қоғамның […]
Пікір қалдыру