Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 2022 және 2023 жылдары спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, 2024 жылға жаңа жобалар жоспарлануда. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 56 ашық спорт алаңшасы орналасқан.
2023 жылы аудан аумағында қосымша 7 спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Ал, 2024 жылға жоспарланған 8 ашық спорт алаңшасының 2-інде құрылыс жұмыстары басталып, қалған 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шаралары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты 2024 жылы қосымша 5 гүлзар салуды жоспарлап отыр. Бұл жобалар аясында мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалып, жұмыс белсенді түрде жалғасуда.
Еңбекші ауданындағы спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу жұмыстары аудан тұрғындарына қолайлы орта жасауға және олардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар. Бұл жобалар алдағы жылдары да қарқынды түрде жалғасып, қала көркі мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруды көздейді.
Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады.Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.
Шымкент қаласы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тұрақты түрде түрлі профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Соның бірі – көлік терезелерін заңсыз күңгірттеген автокөлік иелеріне қатысты бақылау […]
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалар аясында бір мезетте екі жаңа өндіріс нысаны іске қосылды. Жаңа кәсіпорындардың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Marvik Partners» ЖШС-нің […]
Шымкент қаласы қазіргі таңда көгалдандыру мен жасылдандыру бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта қала аумағында көптеген жобалар қолға алынған, және олар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ табиғи ортаны қорғауға […]
Пікір қалдыру