Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде алдағы уақытта инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге аспақ. Осы арқылы шаһар тұрғындарына 790 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Инвесторлар қатарында лифт дайындайтын «Giant Intelligent Elevator Co» зауыты, механика және электр құралдарын өндіретін «Sichuan Hongji Engineering Management Co» компаниясы, абаттандыру, сумен жабдықтау саласындағы құрылыс өнімдерін шығаратын «Hubei Xiaode Engineering Co» сынды компания өкілдері бар. Келіссөздер аясында ынтымақтастық танытқан компаниялармен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Жалпы бұған дейінгі ҚХР тарапынан Түркістан қаласының негізгі каптиталына тартылған инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге болатын және 1910 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 3 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жүзеге асқан «Golden Camel» ЖШС бар.
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Түркістан қаласында бүгінгі таңда Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз […]
Түркістан қаласы тағы бір мәрте ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды әлемдік деңгейде танытқан орталық ретінде танылды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Global Book of Records» кітабына енген ерекше жобаның авторлары мен қолөнер шеберлерін қабылдап, олардың еңбегіне […]
Пікір қалдыру