Қазіргі таңда Отырар ауданындағы «Отырар-Дән» жүгері кептіру және сақтау кәсіпорнында 180 тонна өнім жиналған. Жалпы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны 2015 жылы жұмысын бастаған. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, шаруашылықты дамыту бағытындағы жоспарларын тыңдады. Қарғалы ауыл округінде орналасқан кәсіпорын жылына 10 мың тонна дақылды кептіріп, сақтауға қауқарлы. Кептіретін құрал-жабдықтар Англиядан, сақтау құрылғылары Қытайдан арнайы алған.
Мұнан соң аудан басшысы «Таймас-2024» ЖШС-ң су үнемдеу технологиясын енгізе отырып мақта дақылын өсіру жобасымен танысты. Шаруашылық төрағасы тамшылатып суғару құрылғыларын шет елден арнайы алдырып, 500 гектар жерге элиталық «Жинг Кай НО-9» мақта тұқымын еккен. Қуаттылығы 1500 тоннаны құрайтын жоба аясында 20 адам жұмыс істейді.
Топырағын түртсең тарих толғаған Отырар жері ықылым заманнан мәдениет пен өнердің және өркениеттің ордасы ретінде аты қалды. Қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королін, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы — Қажымұхан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті.
Отырар ежелден Түркістанмен байланысын үзген емес. Түркістан күллі түркі жұртының алтын бесігі болса, Отырар – ірі сауда орталығы һәм өркениеттің алтын діңгегі болды. Отырар ауданы бойынша жалпы халық саны 54 686 адам, аудан аумағы 1 млн. 675 мың 743 га құрайды. Отбасы саны 10 500; — экономикалық белсенді халық саны-26 мың 261адам, — Жұмыссыздық деңгейі-5,2% құрады. Аудан құрамына 13 ауыл округі және 38 елді мекен кіреді.
Пікір қалдыру