Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесі өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, аудан тарапынан кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Көрме барысында шұжық, сабын, қауынқақ және қолөнер бұйымдары, наубайхана және заманауи терезе, есік дайындаумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмыстары таныстырылды.
Айта кетсек, ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа берілген. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың осы кезеңінде 3 лек қорытындысымен 78 азаматқа қайтарымсыз грант берілген болатын.
Түркістан облысында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 925 жаңа жұмыс орнын құрып, 12 462 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 739 азамат уақытша жұмыс […]
Биылғы карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, көктемгі және күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды. Егіс көлемі 17 мың га артып, 846 мың га-ға жетті. Масақты дақылдардан 513 мың тн дән […]
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Түркістан қаласы тағы бір заманауи демалыс аймағымен толықты. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жасанды көлі бар жаңа саябақ салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу шарасына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров […]
Пікір қалдыру