Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.
Сауран ауданында ағайынды Азизбек пен Бахадыр Абдужалиловтар есік дайындайтын шағын цехты іске қосты. Аталмыш өндіріс орнында 60 адам жұмыс істейді. Цех жылына 150 мың есік дайындап шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы әрі бағасы қолжетімді. Кәсіпкерлер алдағы уақытта көрші облыс, қалалардан да тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Нартәуекел етіп, бастаған ісіміз өрге басып, сұраныс артып жатыр. Қазір кәсібіміздің арқасында біраз жетістікке жетіп жатырмыз», — дейді ағайынды Абдужалиловтар.
Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі. Еліне қызмет, жұртына қорған болар қызмет иелері жаңа ғимаратқа кірді. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ол Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен […]
Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында арнайы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара — жол қозғалысы ережесін бұзған тұлғаларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау […]
Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында […]
Пікір қалдыру