ТҰРАН АУДАНЫНДА 14 МЫҢНАН АСТАП ТҰРҒЫН СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Тұран ауданында қала аумағын көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға 14 мыңнан астам тұрғын белсене қатысып, аудан аумағында 3 мыңнан астам жасыл желек – айлан, клен және ясин ағаштары отырғызылды.
Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету үшін 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 382 тонна қоқыс шығарылды. Бұл шара қала экологиясын жақсартуға және тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Айта кетейік, Экологиялық кодекс нормаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның алдында тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттер қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, білім берудің барлық деңгейінде экологиялық білімді насихаттау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық білім мен ағартуды дамыту болып табылады.

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Құжатты Үкімет биыл 15 қазанда мақұлдады, құжат бекіту сатысында тұр.

ОКҚ алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев хабарлағандай, тұжырымдама бойынша жұмыстар «Ашық НҚА» порталында орналастырудан басталды, бұл бүкіл қоғамды жария талқылау процесіне барынша тартуға мүмкіндік берді.

Экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру, экологиялық білім мен практиканы дамыту, сондай-ақ экологиялық саясатты тиімді іске асыру тұжырымдаманың негізі болып табылады. Бұл кешенді шешімдер мен халықтың барлық тобының белсенді қатысуын талап етеді.

Азаматтардың саналылығы мен жауапкершілігі, экологиялық ақпараттың қол жетімділігі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеру тұжырымдаманың негізгі принциптеріне жатады. Бұл принциптер барлық ұсынылған шараның негізін қалайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*