ШЫМКЕНТ: КАНАЛ БОЙЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

«Тазалық – денсаулық кепілі». Республика көлемінде қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету үшін Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жариялады. Осыған байланысты аудан аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық тұрғындар қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуда. «Тазалық тал бесіктен басталады» десек жалпы қоғамның таза болуы әрбір ауланың тазалығынан басталады. 

Шырайлы шаһарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтуде. Тұран ауданы аумағындағы «Шымкент» каналы бойында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары, белсенді жастар, ардагерлер, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері Адырбеков көшесінен Қонаев даңғылына дейінгі аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық акцияға қатысушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мәдениетті көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырды.
– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Ауданда бұған дейін Қошқар ата, Бадам өзені бойында тазалық іс-шарасы өтті. Бүгін міне, Шымкент каналы бойындағы сенбілікке де көпшілік белсенді қатысып жатыр, – дейді Шымкент қаласы Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Әділбек.
Айта кетейік, аудан аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 50-ге жуық тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жалпы аудан аумағындағы тазалық жұмыстарына еңбек ұжымдары, белсенді жастар мен ерікті тұрғындар атсалысты. Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар маңы тазартылып, күл-қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен тиісті орындарға шығарылды.

Ия, шашылған қоқысты күнделікті көзіміз шалып жүр. Десе де оған жейіркенішпен қарасақ та алдын алуға үлес қосып жатқанымыз аз. Қоршаған ортаның тазалығы барлық адамзаттың міндеті. Таза ұстау қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермей, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, сақтау әр адамзаттың міндеті. Өз денсаулығымызды сақтау үшін тазалықтың сақталуына жақсы әсер беруіміз керек.

Тазалық – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қала тазалығын қамтамасыз ету бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрине қоршаған ортада бей-берекетсіздік орын алса онда өмір салты да өзгереді. Қай жерде болсын ең алдымен тазалық керек. Осы ретте тазалықты кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына тазалықтың маңыздылығын сіңіру мақсатында мемлекет басшысы бастамасымен қолға алынған республикалық акция тазалық пен көктемгі көгалдандыру жұмыстарының қарқынын үдете түскендей.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*