Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қала тұрғындарымен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі аясында бірқатар кәсіпорынды көгілдір отынмен қамтамасыз ету шараларына қатысты. Айта кетерлігі, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі биылғы жылдың қазан айында аяқталған болатын.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды. Газдандыру жұмыстары өткен жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақытында аяқталуы нәтижесінде, 2024 жылы Шымкенттегі 25 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қол жеткізе алады.
Тұрғын үйлерді газға қосу экологияны жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға елеулі ықпал етеді. Газдандыру жұмыстарының нәтижесінде, Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4%-ға жетеді.
Тұрғындар газға қосылу процесін жеделдету үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ға өтінімдер беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы қажет екенін ескертеміз.
Пікір қалдыру