ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛМАҚ

Шымкент көктемнің ең шуақты мерекесін ерекше серпінмен қарсы алуға дайын. 2026 жылғы 21 наурызда қалада Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланып, тұрғындар мен қонақтарға ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті тоғыстырған мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті үйлестірген мазмұнды әрі әсерлі мерекелік бағдарлама әзірленген.

Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше ірі қоғамдық кеңістікте ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында халықтық серуендер өтеді. Бұл алаңдарда қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және ойын-сауық бағдарламалар ұсынылады. Бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер театрландырылған қойылымдарды тамашалап, концерттік бағдарламаларға қатыса алады.

Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшалары да ұсынылады. Бұл шаралар дәстүр мен технологияны ұштастырып, мерекенің мазмұнын байыта түседі. Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен бірге елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова және Айдана Меденова бар. Бұл концерт көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекенің ажарын аша түседі.

Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздарымен қатар, арнайы шақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді.

Мерекелік кеш әсерлі шоу мен эксклюзивті отшашумен қорытындыланады. Наурыз мейрамына арналған бұл ауқымды іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, қала тұрғындарының бірлігін нығайтуға және баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*