Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен. Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салықтық тексерулер саны 2017 жылы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға кеміген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 100 пайызға орындалып, 51 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді. Мұнан өзге, облыстың сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға көбейген.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани […]
ОҚО-да 500-ге жуық студент құрылыс жұмыстарына тартылады
Оңтүстік Қазақстан облысында студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп, мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен жұмыссыз жастарды еңбекке тарту […]
«Жас Отан» жастар қанатының ОҚО филиалының жастар саясаты саласында жасалған ілкімді жобалар бар
Бүгінгі таңда, «Жас Отан» жастар қанатының облысымызда 11 аудандық, 4 қалалық бөлімшесі, 23 341 мүшесі бар. «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы тарапынан 2016 жылғы 10 айында ұйымдастырылған партиялық жобаларға («Жастар Отанға!», «Сәтті […]
Пікір қалдыру