ОҚО-да 500-ге жуық студент құрылыс жұмыстарына тартылады

Оңтүстік Қазақстан облысында студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп,  мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады.   Бүгін  бұл туралы Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мәселесі жөнінде кеңейтілген мәжілісте айтылды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев төрағалық еткен шарада  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен мердігер мекеме  басшылары және Мұқстар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 150-ге жуық студенті қатысты.

Мәжілісте сөз алған құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев қазірдің өзінде 300 студенттің тізімі жасақталып, жұмысқа кірісіп кеткенін жеткізді

 «Студенттік жасақтардың негізгі атқаратын жұмыстары жер қазу, бетон құю, кірпіш қалау, үй төбесін жабу, сылақ жұмыстарын жүргізу.  Биыл жасақ сарбаздары облысымыздағы «СитиСтрой», «Ақ ордасы», «Отау-строй» секілді оннан астам құрылыс компанияларында еңбек ететін болады» , — дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*