ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИҺАЗ ӨНІМДЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін “Көрме” орталығында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарын жабдықтауға арналған жиһаздар көрмесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында нарықта белгілі «Mega Smart», «Ақниет Holding», «Alem Luxury», «Шымснаб 13», «СК Аймақ», «Қыдырбаев», «Shymloft» фабрикаларының тауарлары бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиһаз түрлерімен танысып, мектептерді жоба талаптарына сәйкес жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

“Өндіріс орындарының қуаттылығына қарай кәсіпкерлерге заң шеңберінде мүмкіндіктер беріледі. Тиісті талаптарды қатаң сақтап, ең бастысы жиһаздардың білім алушыларға қолайлы әрі сапалы болуын қадағалаңыздар. Білім нысандарының заманауи талаптарға сай жабдықталуын назарға алу қажет” – деді қала әкімі.

Айта кетейік, ұлттық жобаны іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Жиһаз өндірушілер өндірістік қуаттылықтары мен мүмкіндіктерін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар аясында көмек көрсетуде бірқатар тапсырма жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*