ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСТІ ҚАБЫЛДАДЫ

29 наурызда Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет Парижден жүк ұшағы қонды. Әуежай басшылығы экипажды қабылдауды жан-жақты қамтамасыз етті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Париж-Шымкент-Хайнань бағыты бойынша жүретін әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines»Француз жүк тасымалдаушысымен бұрын қол жеткізілген келіссөз шеңберінде Шымкент әуежайында өтті.

Айта кету керек, алдағы уақытта Шымкентте жүк авиатасымалдарын тұрақты негізде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*