Ұлы данышпан, кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толды. Осыған орай
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Абай күніне орай ойшыл ақын, саяси қайраткер және еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Абай атамыздың өлеңдерін жас ұрпақ жарыса айтып, әндерін жырға қосты.
Жиналған қауым ақынның шығармаларынан жарыса үзінділер оқыды. Қонақтар сондай ақ, «Абай – адамзаттың мәңгілік рухы» атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Мерекеге орай, жас оқырмандар арасындағы «Абай әлемі» атты байқау қорытындыланды. Ал, қалалық жасөспірімдер кітапханасы кішкентай оқырмандарға арнайы Абай танымын терең толғау мақсатында сырлы саяхат ұйымдастырды.
Атап өтейік, Ұлы Абай күні мерекесі кешке дейін жалғасады. Бүгін кешкі сағат 19.00 – 19.30 Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Желсіз түнде жарық ай» әдеби-музыкалық толғауын тамашалауға шақырамыз.
Шымкент қаласындағы №10216 әскери бөлімінде айрықша мәнге ие күн өтті — 35 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді. Бұл — олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Бұған дейін азаматтық өмірде жүрген жастар енді нағыз әскери […]
2023 жылы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған. Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су […]
В Шымкенте продолжается активная работа по повышению правовой грамотности молодежи и профилактике правонарушений среди несовершеннолетних. В Шымкентском университете состоялась встреча в рамках акции «Егемен ел – жарқын болашақ», организованная Каратауской районной прокуратурой. Перед студентами выступили […]
Пікір қалдыру