Ұлы данышпан, кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толды. Осыған орай
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Абай күніне орай ойшыл ақын, саяси қайраткер және еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Абай атамыздың өлеңдерін жас ұрпақ жарыса айтып, әндерін жырға қосты.
Жиналған қауым ақынның шығармаларынан жарыса үзінділер оқыды. Қонақтар сондай ақ, «Абай – адамзаттың мәңгілік рухы» атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Мерекеге орай, жас оқырмандар арасындағы «Абай әлемі» атты байқау қорытындыланды. Ал, қалалық жасөспірімдер кітапханасы кішкентай оқырмандарға арнайы Абай танымын терең толғау мақсатында сырлы саяхат ұйымдастырды.
Атап өтейік, Ұлы Абай күні мерекесі кешке дейін жалғасады. Бүгін кешкі сағат 19.00 – 19.30 Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Желсіз түнде жарық ай» әдеби-музыкалық толғауын тамашалауға шақырамыз.
Бүгінде жөндеуді қажет ететін 71 тұрғын үйдің тізімі жасақталды. Көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезекке бөлінген. 1-кезекте орталық көшелердегі яғни, Республика даңғылы және Тәуке хан даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін тездетіп ретке […]
Шымкент қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері түрлі аудандардағы мектептерге барып, жасөспірімдермен кездесулер өткізуде. Соңғы күндері бірден екі оқу орнында – «1 ТАЛАНТ» мектебінде және Еңбекші ауданына […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Бозарық саяжайында бүгінде 8000 мыңнан аса халық тұрады және осыған орай 2 120 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, аталған мекенде 1 мектеп, 4 балабақша, 2 спорт алаңшасы орналасқан және жаңадан […]
Пікір қалдыру