Шымкентте 41 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбеті жаңаратын болады

Бүгінде жөндеуді қажет ететін 71 тұрғын үйдің тізімі жасақталды. Көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезекке бөлінген.

1-кезекте орталық көшелердегі яғни, Республика даңғылы және Тәуке хан даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін тездетіп ретке келтіру мақсатында, қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған. Осының негізінде, аталған 41 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды. Бүгінгі таңда, тартылған мердігер мекемелер мен басқарма мамандары тараптарынан үйлердің жағдайы зерттеліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай ауданы бойынша 17 тұрғын үй (жалпы ауданы 18 000 м/кв) 5 мердігер мекеме және 133 құрылысшылар қызу жұмысқа кіріскен. Қазіргі таңда 4000 ш/м құрылыс сатылары құрылып, 6000 м/куб құрылыс материалдары жеткізілген. Аталған аудан бойынша 12 тұрғын үйдің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әл-Фараби ауданы бойынша 24 тұрғын үй (жалпы ауданы 26 290 м/кв) 8 мердігер мекеме және 128 құрылысшылар жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 5000 ш/м құрылыс сатылары құрылып, 8000 м/куб құрылыс материалдары жеткізілген. Аталған аудан бойынша 14 тұрғын үйдің құрылысы басталып кеткен.

2-кезекте басқада орталық көше (Темірлан тас жолы, Бейбітшілік көшесі, Жібек жолы көшесі) бойында орналасқан 30 көпқабатты тұрғын үй анықталған. 1-кезектегі құрылыс жұмыстары толық аяқталып біткеннен кейін, 2-кезектегі 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*