ШАРДАРАДА “ТАЗАLIKE”: “МӨЛДІР БҰЛАҚ” АКЦИЯСЫ ТАБИҒАТҚА ЖАҢА ТЫНЫС БЕРДІ

Шардара ауданында 23 наурыз – Тазару күніне орай ұйымдастырылған “ТазаLIKE” экофестивалі аясында “Мөлдір бұлақ” атты экологиялық акция өтті. Аталған шара өңірдегі қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде көпшіліктің назарын аударды.

Акция барысында “Казсушар” мекемесінің қызметкерлері, Орман шаруашылығы мамандары және “Хамит” балық зауытының ұжымы белсенділік танытып, су жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғи ортаның ластануына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

Экологиялық шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде табиғат аясы айтарлықтай тазарып, өңірдің көркі жаңаша кейіпке енді. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы нақты қадамдардың бірі.

Айта кетейік, “ТазаLIKE” экофестивалі алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*