Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтарды тазалау жұмыстары атқарылды.
Жалпықалалық сенбілікке Қаратау ауданынан «Қаратау» КММ-і 130, 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытып, қала көркі мен тазалығына күш салды. Ал, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника тартылды.
Еңбекші ауданынан «Еңбекші» КММ-і 123, «Группа Интеко» ЖШС-інен 250 жұмысшы мен 23 техника, «Жасыл Ел» ЖШС-інен 32 жұмысшы, 4 техника қатысса, 700-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытты.
Ал Абай ауданынан «Абай» КММ-і 120, жергілікті мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындары жұмылды. 14 арнайы техника атсалысты.
Сондай-ақ, Тұран ауданында үш мыңға жуық аудан аудан тұрғындары атсалысты. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің тұрғындары, мектеп ұжымдары, бизнес нысанының иелері және елдімекен тұрғындары қатысты. Он техника тартылды.
Әл-Фараби ауданының тазалығына жауапты «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелер жұмысшылары, Теріскей шағын ауданы көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Бронхопластикалық ота — жоғары тиімді жоғары технологиялық операция. Операция кезінде онкологиялық науқастар қатерлі ісікті алып тастап қана қоймай, өкпені де сақтай алады. Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының […]
16 ноября в Шымкенте в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» прошел очередной городской субботник. В этой акции активно приняла участие команда городского управления образования, которые провели масштабные работы по благоустройству одной из главных улиц […]
Құрметті салық төлеушілер, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда коронавирусқа байланысты 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан, Шымкент қаласы […]
Пікір қалдыру