Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Қаратау ауданының елдімекендерінде халық тығыз орналасқандықтан және қаланың шеткі боліктеріне болғаны салдарынан инфрақұрылым мен транспортта шешілмеген мәселелер жиі кездеседі.
Десек те, ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.
Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.
2025 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттардың алдын алуға бағытталған. Мақсат – әрбір адамның өмірін қорғап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің […]
Құрметті салық төлеушілер, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда коронавирусқа байланысты 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан, Шымкент қаласы […]
Бүгінде қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың […]
Пікір қалдыру