«Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.
Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылды. «AsiaTrafo» Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған. Біліктілікті арттыру үшін Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылды. Электрондық құжат жасау барысында және қызметкерлерді жіті бақылау кезінде көңіл-күйіне, өзін ыңғайлы сезінуіне аса мән береді. Себебі, өтінімді қабылдаудан бастап, әрбір трансформаторды өндіру циклін қадағалау үшін мүмкіндік береді. Еңбек шартының қауіпсіздігін және жайлылығын жасау үшін кәсіпорында бизнес-үрдістерінің қызмет көрсетудің жаңа жүйесі әзірленді және енгізілді. Қызметкерлер үшін жайлы әлеуметтік тұрмыстық шарттар жасалды: заманауи асхана, демалыс орны, жабдықталған киім ілетін орын, мәжіліс залы, спорт залы, аумақта заманауи жоспарлауымен және демалыс орын тұрағымен аз отбасыларға пәтерлі жатаханасы бар.
Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады.
Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Қазақстанның Шымкент, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Астана сияқты трансформаторлық қосалқы станцияларында орнатылды. AsiaTrafo жыл сайын ТМД нарығына, сондай-ақ Грузия мен Украинаға кернеуі 110 кВ және одан жоғары трансформаторлық жабдықтардың экспорттық жеткізілімдерінің санын көбейтуде.
В Шымкенте экологическая инициатива «Таза Казахстан», ставшая неотъемлемой частью культурного кода города, продолжает набирать популярность и привлекает все больше жителей города. Этот экологический проект стал мощным стимулом для активных действий местных жителей в вопросах охраны […]
Шымкент қалалық полиция департаменті, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» науқанын өткізді. Іс-шараға жалпы 2500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап тұрғандай. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан жаңа аумақ. Қазір мұнда 19 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 744 жеке секторлы үй, […]
Пікір қалдыру