«Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.
Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында іске қосылды. «AsiaTrafo» Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Ұйымның өз қызметкерлерінің қабілеттілігін дамыту негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан жаңа қызметкерлерді оқыту, өндірістегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қолға алынған. Біліктілікті арттыру үшін Украина мен Ресейден шетелдік мамандар шақырылды. Электрондық құжат жасау барысында және қызметкерлерді жіті бақылау кезінде көңіл-күйіне, өзін ыңғайлы сезінуіне аса мән береді. Себебі, өтінімді қабылдаудан бастап, әрбір трансформаторды өндіру циклін қадағалау үшін мүмкіндік береді. Еңбек шартының қауіпсіздігін және жайлылығын жасау үшін кәсіпорында бизнес-үрдістерінің қызмет көрсетудің жаңа жүйесі әзірленді және енгізілді. Қызметкерлер үшін жайлы әлеуметтік тұрмыстық шарттар жасалды: заманауи асхана, демалыс орны, жабдықталған киім ілетін орын, мәжіліс залы, спорт залы, аумақта заманауи жоспарлауымен және демалыс орын тұрағымен аз отбасыларға пәтерлі жатаханасы бар.
Зауыттың негізгі шығарылатын өнімдері автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторлар болып табылады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады.
Зауыт өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие. Қазақстанның Шымкент, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Астана сияқты трансформаторлық қосалқы станцияларында орнатылды. AsiaTrafo жыл сайын ТМД нарығына, сондай-ақ Грузия мен Украинаға кернеуі 110 кВ және одан жоғары трансформаторлық жабдықтардың экспорттық жеткізілімдерінің санын көбейтуде.
Шымкент қаласының прокуратурасы қала әкімдігінің қолдауымен қоғамда ерекше маңызға ие әлеуметтік тақырыпты қозғайтын жаңа деректі фильмді көпшілікке ұсынды. «Үш дос – Үш тағдыр» атты туынды жасөспірімдер арасындағы есірткіге қатысты қылмыстар мен оның салдарын шынайы көрсетіп, […]
Бүгін қала әкімдігінде мегаполис басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді. Тұрғындар түрлі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз […]
Шымкент қаласындағы №10216 әскери бөлімінде айрықша мәнге ие күн өтті — 35 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді. Бұл — олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Бұған дейін азаматтық өмірде жүрген жастар енді нағыз әскери […]
Пікір қалдыру