АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ РӨЛІ АЙРЫҚША

Бүгінгі қоғам – ашық қоғам. Тұрғындардың сенімі, азаматтардың ақпараттар мен мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділігі ашық әрі жария түрде жүреді. Әрине қоғамның қозғаушы күші – мемлекеттің саясаты болғандықтан, етене жұмыс, сенімділікке ие болу басты қағидамыз болып қала береді. Бұл мақсатта Мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар институтының алар орны ерекше. Мәселен Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасау тәртібі бұрынғысынан өзгерек. Жүйеленген, цифрландырылған. Алдымен арнайы тест тапсырып, алғашқы этаптарынан өту, әрмен қарай жоғарыда айтылғандай сарапшылар мен бақылаушылардың талаптарына сай келу тағысын тағы.

Жалпы мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар институтын іске асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – қоғамдық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тетігі. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері міндеттерін іске асыру барысында ашықтық қағидасын ұдайы ұстануда.  Мемлекеттік қызмтке қалтасы қалыңдар ғана кіре алады деген есіл әңгіме, қаңқу сөз ел арасында тараған. Бұл жүйе ескінің жетегінде қалған. Жаа заманда, бәріде жаңаша, өзгерген. Тұрғындардың пікірін өзгерту үшін Шымкент қаласындағы Азаматтық институттардың үлесі басым болуы керек. Құқықтық сауаттылықты арттырып, барлығын заң шеңберінде шешім қана қоймай, заңды түрде ойлануды да үйрену керек.

Дегенмен бүгінгі өзгеруіне байланысты, оның ішінде Президенттің Жолдауындағы «Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады» деген болатын. Яғни азаматтық институттардың рөлін едәуір көтеру үшін бірлесіп жұмыс жасау керек. Бұл қоғамның сауаттылығы үшін, жастардың сауаттылығы үшін маңызды. Әрбір адам өз құқығын, адам құқығын бьілген сәттен бастап қу өсекке мән бермей, заң шеңберінде ойланатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*