Милионды қаламыздың даму жоспарына бекітілген көптеген құрылыс нысандар мен жол жөндеу жұмыстары бар. Кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар елдің игілігіне біртіндеп беріліп жатыр. Жол десе, көзімізге асфальт елестейді. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі діттеген жеріңе қиналмай жетіп, уақытты үнемдеуге жақсы. Енді сол жолдар қалай салынып, қалай жөнделеді? Оның да біраз машақаттары бар екенін көбіміз біле бермейміз. Қазіргі кезде халықтың қарайтыны — жолдың сапасы. Асфальттың жауы — су. Бойынан тесіп алса, астын үңгіп қуалай береді. Мұны көп ұзатпай жөндемесе, шұңқырға айналады. Жолдың жырығы көбейеді. Сондықтан да, тек жолды ғана емес, жауынды су ағарлар мен арнайы арналар жасау қажет.
Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Алдияров көшесінен Тұрар Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды.
Құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 75 пайыздан асып отыр. Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан, жеке бастың, қоршаған ортаның тазалығы деп осылай тізбектеле береді. Бұлардың қай-қайсысы да адам үшін маңызды. Ал, біздің […]
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан Елтай елдімекенінде су басуының зардаптарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аталған тұрғын алабына апарып, жағдаймен таныстырды. Елтай ауылындағы апатты-қалпына келтіру жұмыстарына Шымкент […]
Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қаулының №1 қосымшасы: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйым әділет органдарына тіркелген […]
Пікір қалдыру