Милионды қаламыздың даму жоспарына бекітілген көптеген құрылыс нысандар мен жол жөндеу жұмыстары бар. Кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар елдің игілігіне біртіндеп беріліп жатыр. Жол десе, көзімізге асфальт елестейді. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі діттеген жеріңе қиналмай жетіп, уақытты үнемдеуге жақсы. Енді сол жолдар қалай салынып, қалай жөнделеді? Оның да біраз машақаттары бар екенін көбіміз біле бермейміз. Қазіргі кезде халықтың қарайтыны — жолдың сапасы. Асфальттың жауы — су. Бойынан тесіп алса, астын үңгіп қуалай береді. Мұны көп ұзатпай жөндемесе, шұңқырға айналады. Жолдың жырығы көбейеді. Сондықтан да, тек жолды ғана емес, жауынды су ағарлар мен арнайы арналар жасау қажет.
Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Алдияров көшесінен Тұрар Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды.
Құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 75 пайыздан асып отыр. Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.
Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукент пен Қарамұрт елді мекенін жалғайтын облыстық маңызы бар автобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 14 шақырымына […]
Естеріңізде болса, қалада 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Шымкент жастар лигасы» құрылған болатын. Жобаны қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, білім мен дене шынықтыру жəне спорт басқармалары бірлесіп ұйымдастырған. «Аталған жоба мектеп […]
Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар […]
Пікір қалдыру