
Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. Полиция департаменті цифрландыру мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызмет сапасын арттырып, жедел әрекет ету тетіктерін күшейтуде. Инновациялық шешімдердің қатарында SOS батырмаларының қызметі ерекше орын алады. Бұл жүйе төтенше жағдайда қалған азаматтарға тікелей көмек көрсетіп, полицияның әрекетін барынша жылдамдатуға бағытталған.
SOS батырмасы басылған сәттен бастап сигнал бірден полицияның жедел басқару орталығына түседі. Дежурлік бөлім патрульдік нарядты жедел бағыттап, оқиға орнына жақын маңдағы қызметкерлерді жұмылдырады. Осылайша, азаматтың өтініші бойынша алғашқы көмек бірнеше минут ішінде көрсетіледі. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тетік қауіпсіздіктің жаңа стандартын қалыптастырып, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруға ықпал етуде.
Шымкент қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи құралдары тек SOS батырмасымен шектелмейді. Қала аумағында бейнебақылау камералары мен интеллектуалды бейнеаналитика жүйелері кеңінен қолданылуда. Бұл жүйелер адамның бет-бейнесін тануға, көлік нөмірін анықтауға және күдікті әрекеттерді тіркеуге мүмкіндік береді. Бейнематериалдар жедел басқару орталығына онлайн режимде жеткізіліп, патрульдік полицияға дереу бағытталады. Соның нәтижесінде қылмыскерлердің ізі суымай тұрып қолға түсу жағдайлары жиілеп келеді.
Сонымен қатар, қалада дрондар арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуге, адамдар көп шоғырланған аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді. Полиция өкілдерінің айтуынша, дрондар әсіресе жол апаттарының алдын алуда тиімді құралға айналған.
Қызметкерлердің жеке бейнежетондары да ашықтық пен сенімділіктің кепілі болып отыр. Әрбір инспектордың камерасы қызмет барысында жазбаны онлайн режимде жүргізеді. Бұл полиция әрекетінің заңдылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарының сақталуына ықпал етеді.
Жаңа технологиялар пробациядағы азаматтарды бақылауда да қолданылады. Электрондық білезіктер арқылы олардың жүріс-тұрысы тәулік бойы қадағаланып, заң талаптарын бұзу деректері бірден тіркеледі. Бұл жүйе қайталама қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бұдан бөлек, 102 мобильді қосымшасы тұрғындарға фото, бейне және құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды полицияға тікелей жолдауға жағдай жасайды. Азаматтар өз өтініштерін онлайн тіркеп, жауапты құрылымдардан жедел кері байланыс ала алады.
Қазақстанның басқа қалаларында да ұқсас тәжірибелер енгізілуде. Алматы мен Астанада SOS батырмалары қоғамдық орындарда, мектептер мен ауруханаларда орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі
Пікір қалдыру