Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданында саялы саябақ салынуда. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Нысан құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5 гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады. Тұрғындардың үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған.
Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр.
Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады. Бұл халықтың игілігіне пайдасы орасан іс. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің де жұмысы жанданып, қала экономикасына да әсер ететін болады.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Сәуле» шағын ауданындағы саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Саябақтың құрылыс жұмысы осы жылдың шілде айында басталды. Бүгінде құрылыс өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Өрнек тастар […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралады- деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Өңір басшысы алдымен «Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылыс барысымен танысты. Жауаптылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. – […]
Шымкент соңғы жылдары атына заты сай қала болып келе жатыр. Халыққа керекті жауһар нысандар бірінен соң бірі іске қосылып келеді. Бүгінде қаланың 30 пайызға жуығын жастар құрайтынын ескерсек, оларға оқу, жұмыстан тыс уақытта еркін дем […]
Пікір қалдыру