«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдама» аясында Шымкент қаласында биылғы жылдың тамыз айынан бастап 15 көппәтерлі тұрғын үйге модернизация жұмыстары басталған болатын.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жангельдин көшесі №16 бес қабатты тұрғын үйдің сыртқы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта бұл тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып, жертөле, сыртқы қасбеті жаңарған. Қазіргі уақытта шатыр ауыстыру жұмыстарының 80% дайын. Ал ішкі кіре беріс подъезінің 20% әрлеу жұмыстары жүргізілген. Тозығы жеткен бұл үйдің жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарлануда.
Сондай-ақ, мұнан бөлек қаладағы дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары Күншығыс шағын ауданындағы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А тұрғын үйлерінде де қарқынды жұмыс қолға алынған. Бұл үйлердің барлығының шатыры толығымен ауыстырылып, ал Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері заманауи құрылыс материалдарымен көркемделмек. Сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын қайта жабдықтау көзделген.
Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы 2022 жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.
Ескерте кетейік, модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды болып саналатын бірнеше бағытқа баса назар аударды. Атап айтқанда, цифрландыру, өнеркәсіп өндірісі, азаматтардың әл-ауқаты, ауыл шаруашылығын қолдау, инвестиция тарту және ғылымды […]
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ауқымды әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Бұл жолы шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – […]
Кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, […]
Пікір қалдыру