САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған «Бейбітшілік және келісім» жобасы үздіксіз жүзеге асырылуда. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы Сайрам тұрғын алабындағы мәдениет үйінде тұрғындарды қабылдады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау және оларды шешудің жолдарын қарастыру.

Этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу жұмыстары — әр ұлттың мәдениеті мен салт-санасына құрметпен қарап, бір-бірінің тарихына сыйластық танытуды көздейді. Сонда ғана, көп ұлтты мемлекет, зайырлы қоғамның тыныштығы сақталады. Бүгінгі таңда ұлтаралық кикілжіңдердің соңы үлкен дауға айналып жатқандығы бар. Осы жағдайға алып келмес үшін салдарымен күресу жұмыстарын қолға алып отыр.
Сонымен қатар, сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған топтар тұрғындар арасында: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік», т.б. түрлі бағыттарда азаматтарды қабылдап, олардың проблемалық мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
Қоғамдық қабылдау жұмысына жоғарыда аталған мәселелер бойынша барлығы 35 азамат жазылып, оларға тиісті тұрғыдағы бағыт-бағдарлар берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*