Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Айнатас елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты.
Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген.
Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекемелер құрылысты 70% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Нәтижесінде 50 абонент табиғи ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мекеме басшыларына халықты ауыз сумен қамту жұмыстарын орындау барысында сапалы, әрі кестеге сай жүргізілуін қатаң тапсырды. Себебі, қала әкімі өткен жылы аталған елдімекен тұрғындарымен кездескенде шешімін таппаған бірнеше мәселенің түйінін ақтарған болатын. «Мемлекет басшысы кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды тапсырды. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Әрбіріңіздің айтқан ұсыныстарыңызбен, өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Заң аясында қарастырамыз. Біздің міндетіміз инфрақұрылымды жетілдіріп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру»,-деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласында жаңа үлгідегі аялдамалар орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай көлемдегі аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкен көлемдегісі 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге […]
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 3 мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы, 14 емхана, 15 аурухана, 4 оңалту орталығы, медициналық колледж, ЖИТС орталығы, қан орталығы, залалсыздандыру орталығы, жедел медициналық жәрдем станциясы, бөбектер үйі және диагностикалық орталық қызмет көрсетеді. […]
2024 жылғы Президент Жолдауында әлеуметтік саясат пен нарықтық қатынастарды жаңғыртуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың сәуір айында бизнесті жүргізу талаптарын реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сауда және интеграция […]
Пікір қалдыру