Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз»- деген болатын.
Осыған орай, Шымкен қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Shymkent fest» жастар фестивалі өтті.
«Shymkent fest» жобасының мақсаты — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Бүгінгі кештің жабылу салтанатына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтады. Сонымен қатар, “Shymkent fest” жастар фестиваліне белсене қатысып, жүлделі орыннан көрінген жастарды марапаттап, ізгі тілегін арнады.
2 айға жалғасқан фестиваль қаламыздағы жастар көп шоғырланған орындарда өткізілді.
Айта кетейік, «Shymkent fest» жобасы – 5 шілде күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен салынған Скейт парк алаңында бастау алған болатын.
Шымкент қаласының көшелерінде соңғы уақытта сайт сілтемелері мен жасырын кодтар түрінде пайда болған граффити көбейіп келеді. Көпшілік үшін бұл жай ғана сәндік жазулар болып көрінуі мүмкін, алайда олардың артында қауіпті үгіт-насихат — заңсыз есірткі заттарының […]
В Шымкенте сотрудники Полка патрульной полиции совместно с представителями Абайского районного управления полиции провели очередной рейд в садоводческом массиве «Дача–Қайнарбұлақ». Цель мероприятия — обеспечение безопасности дорожного движения и предупреждение нарушений среди водителей в частном секторе, […]
5 сентября 2025 года в Учебном центре Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Бауыржана Момышулы состоялся круглый стол на тему «Правовые вопросы применения физической силы, специальных средств и огнестрельного оружия в деятельности правоохранительных органов». В […]
Пікір қалдыру