Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.
Бүгінде 17 шағынаудан мен 1 елдімекенде 234 857 халық тұрады. Көпқабатты 926 үй бар. Ауданда ауыз су мен электр жарығы толық шешілген, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр.
Жалпы тұрғындар тарапынан көтерілген 207 мәселенің көпшілігі инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, коммуналдық және абаттандыру бағыттарын қамтыды.
Есептік кездесуде қала әкімі: «Халықпен тікелей байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты. Бүгін осы мақсатта жүздесіп отырмыз. Мәселелеріңізді ашық айтыңыздар. Бәрін тыңдауға дайынмын. Сіздермен осылай тығыз қарым-қатынаста қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз», – деді.
Қалада инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары 2025 жылы толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Қазіргі таңда аудандарда Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Ауданның даму жоспарымен танысқан соң, шаһар басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға көшті.
Қала әкімі тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдап, бәрін де назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына халықтың өтініштері мен ұсыныстарын орындауда нақты тапсырмалар жүктеді.
В Казахстане ведется системная работа по профилактике правонарушений и преступлений, связанных с наркотиками. В настоящее время эта сложная социальная проблема широко распространяется не только на улицах, но и в интернет-пространстве. Особенно вызывает беспокойство рост анонимных […]
Елімізде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынында да кешегі кеңестік толитарлық жүйе кезінде ең көп зардап шекен ел — Қазақстан, халық — қазақ халқы. 1997 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан […]
Шымкент қаласында бесінші сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны жиырма төрт жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен жиырма үшінші наурызда Петропавл Қызылорда […]
Пікір қалдыру