Шымкент қаласында бесінші сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны жиырма төрт жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен жиырма үшінші наурызда Петропавл Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан екінші сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Науқастан алынған тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен бесінші сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі таңда, оның денсаулығында еш өзгеріс жоқ. Науқастың жағдайы қалыпты екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, күні бүгінге дейін қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, үшінші А үй карантинге жабылды. Бұдан өзге шаһар аумағында тағы тоғыз аумақ карантинге жабылған еді. Ал, науқаспен байланыста болған жеті адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).
Айта кету керек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық […]
Шымкент халықаралық әуежайы халықаралық жүк тасымалы саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді. Әуежай Еуропалық одақтың авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін дәлелдеп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесін иеленді. Бұл мәртебе әуежайдың жүк тасымалдау бағытындағы халықаралық беделін […]
Қазақстанда жыл сайын 19 қазан күні кәсіби мереке – Құтқарушылар күні аталып өтеді. Бұл күн – өмірлерін тәуекелге тігіп, халықтың амандығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі. Биылғы мерекенің ерекшелігі […]
Пікір қалдыру