Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.
«Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 4 тұлғаға айыппұл салынды, қалған істер қаралу сатысында», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Шымкентте қаласында 161 тойхана, 801 қоғамдық тамақтану объектісі, 29 базар және 23 ірі сауда орындары бар.
Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.
Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді. Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды. 2020 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық […]
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау – өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны қорғау бұл әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаны қорғау – жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын […]
Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай ауданында өткен қалалық сенбілік қала тұрғындарының бірлесіп жұмыс істегенін көрсететін маңызды шара болды. Бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желектерді көбейтуге, сондай-ақ тазалықты сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталды. […]
Пікір қалдыру