Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінің алдына кезек күтушілерге арналып арнайы жолақтар сызылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Halyk Bank» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Айта кету қажет, клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр.
«Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде», — деді Айжан Досымбекова.
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау […]
2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қалалық «Таза қала» акциясы аясында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсенді түрде қатысып, университет ауласын күл-қоқыстан тазартты. Бұл шара […]
Үстемақы алған шымкенттік дәрігерлер мемлекеттің қолдауына алғыстарын айтып жатыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте, […]
Пікір қалдыру