Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, сегіз заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, отыз екі мың дана бетперде, мың жеті жүз отыз литр антисептикалық заттар жалпы сомасы сегіз миллион екі жүз жиырма бес мың теңгеге және жиырма мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы жеті жүз қырық мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, алты әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда.
1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.
Қаланың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында өткен Жалпықалалық сенбілік — қала тұрғындары үшін үлкен маңызға ие шаралардың бірі. Бұл сенбілікке Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ерікті жастар, сондай-ақ қаладағы бірнеше колледждер мен […]
Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды […]
Шымкент қаласында жаман індетті жұқтырған 12 азамат анықталды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Ауру жұқтырғандар 1956 ж, 2004 ж, 1978 ж, 1981 ж, 1977 ж, 1992 ж, 1967 ж, 1946 ж, 1969 ж, 1968 […]
Пікір қалдыру