Шымкентте тағы екі адамнан короновирус анықталды

Шымкент қаласында бүгін тағы 2 адамнан короновирус анықталды. 2 мамыр күнгі   коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 1971 және 1989 жылы туған екі әйел адам. Аты жаман ауру анықталғанға дейін сырқат адаммен бірге қарым-қатынаста болғаны белгілі боп, екеуі де карантиндік стационарға жатқызылған. Екі азаматшадан да зертханалық сынама алынған. Сынама қорытындысы оң нәтиже көрсетіп, екеуінің де короновирус жұқтырғаны анықталды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-дом шаралары жүргізілуде екен. Аурудың алдын алып, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Бүгінгі күні науқастардың мекен жайы бойынша залалсыздандыру жұмыстары, яғни ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатқан аурудың алдын алу жұмыстары Шымкентте жан жақты қолға алынған.

Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған жалпы 206 жағдай тіркелген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*