ШЫМКЕНТТЕ 2025 ЖЫЛЫ ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

2025 жылы Шымкент қаласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарылды. Қаланың цифрлық әлеуетін нығайту, мобильді және кең жолақты интернет сапасын арттыру, цифрлық қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті заманауи бейнебақылау жүйелері арқылы күшейту – мегаполистің дамуындағы басты басымдықтарға айналды.

Мобильді интернет сапасын жақсарту мақсатында 2023 жылы жүргізілген талдау нәтижесінде қала аумағында байланыс сапасы төмен 147 нүкте анықталып, оларды жоюға арналған арнайы Жол картасы бекітілді. Осы жоспар аясында соңғы үш жылда 300 жаңа базалық станция пайдалануға беріліп, 398 базалық станция жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар, байланыс операторлары 371 базалық станцияны 5G жиілігінде іске қосты. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен аумақтар саны 11 нүктеге дейін қысқарды. Базалық станцияларды орналастыру мерзімін жеделдету үшін жаңа антенна-мачталық құрылғылар мен қос мақсатты тіректерді орнату тәжірибесі енгізілуде.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Шымкент қаласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мобильді байланыс сапасын арттырып, интернетке қолжетімділікті кеңейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтерді. Бұл жетістіктер мегаполистің заманауи, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан дамыған қала ретінде қалыптасуына берік негіз қалады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*